Halyq Uni логотип
×

Кадр тапшы: Энергетика нысандарын жөндеу аяқсыз қалды

Электр энергиясы саласы жалақысы ең төмен салалардың бірі

 Айнұр Шошаева 27.10.2023 | 17:19
Кадр тапшы: Энергетика нысандарын жөндеу аяқсыз қалды
Фото: kazpravda.kz

Қазақстанда бірқатар энергетика нысанындағы жоспарланған жөндеу жұмыстары кадр тапшылығына байланысты аяқталмай қалған. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биыл жазда 27 жылу электр орталығының 17-де тарифті көтердік. 10 нысан тарифті көтеруге ұсыныс білдірмеді және өз күшімен жөндейтіндіктеріне сендірді. Тарифті көтергенде біз саладағы негізгі мәселелерден бөлек мамандардың еңбекақысын көтеру мәселесін де ескердік, - деді ол журналистерге баспасөз мәслихатында. 

Сондай ақ ол энергетика саласындағы мамандардың жалақысы елдегі ең төменгі жалақы санатында екеніне назар аударды. 

Өздеріңіз білесіздер, электр энергиясы саласындағы жалақы елдегі ең төменгі болып саналады. Біз бірінше рет компаниялардың жартысы жөндеу жұмыстарын мердігер ұйымдар мен энергонысандардағы кадрлық персоналдың тапшылығына байланысты аяқтай алмай отырғанына тап болдық. Біз бұны шешу үшін инженерлік, техникалық кадрларды даярлау бағытында Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жұмыс істеу мәселесін көтеріп жатырмыз. Келесі жолы тарифті көтерудегі негізгі драйвер энергетиктердің жалақысын елдегі орташа жалақымен теңестіру болатын шығар, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама