Қанат Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспаған
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізбек. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Осылайша, ол 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде рингке оралуды жоспарлап отыр. Бұл кеште қазақстандық тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11 КО) жекпе-жек өткізбек.
Айта кетейік, Қанат Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспаған. Сол кезде Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23 КО) төрешілер шешішімен жеңген еді.
16 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отырғандардың бірі – Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО). Ол жекпе-жекке Алматыда шықпақ. Сол күні басқа да қазақстандық боксшылардың рингке шығатыны хабарланды.