Halyq Uni логотип
×

2 мыңнан астам кәсіпкерге 2,4 млрд теңге қайтарылады

Салық органдары тиісті мәлімет бермеген

 Дастан Жұмабекұлы 27.10.2023 | 09:32
2 мыңнан астам кәсіпкерге 2,4 млрд теңге қайтарылады
Фото: Бас көлік прокуратурасы

Құқық қорғау қызметі аясында Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқығына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады.

Былтырдан бері қоршаған ортаның тазалығын сақтамаған кәсіпорын мен өндіріс орындарына айыппұл төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған еді.

Осыған қарамастан,  кәсіпкерлер тиісті төлемдерді төлеп отырған. Ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген, – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін «№3 Sk автовокзал паркі» ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 миллионнан астам теңге төлеген. Сол сияқты, басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 млрд теңгеден аса қаражат аударған.

Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағандығы туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталып, 500-ден астам кәсіпкерге шамамен 30 млн теңге қайтарылды.

Мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жағдайдың туындау себептерін талдау тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама