Жаңбыр, көктайғақ, жел: бүгін ауа райы қандай болады
Ел бойынша тұман, желдің күшеюі мүмкін
Қазгидромет 27 қазанда болатын ауа райына болжам жасады. Синоптиктер болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Еліміздің батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында – жаңбыр, қар жауады. Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі мүмкін.