Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Халық үні 27.10.2023 | 07:21
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
фото: видеодан скриншот

26 қазанда Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 43-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Жолда төрт маркалы көлік: КамАЗ, Volkswagen Sharan, Lada және «ГАЗ 330253» соқтығысты, деп хабарлайды Lada.kz.

Төрт көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты, жарақат алғандар бар. 

Жол апаты салдарынан Lada көлігіндегі 49 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, зардап шеккен төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полицейлер бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама