×

Ердоған Газа тұрғындарына жасалған шабуылды сынға алды

Ол қалыптасқан жағдайда БҰҰ әрекеттерінің тиімсіздігін де атап өтт

 Халық үні 26.10.2023 | 23:48
фото: pravda.com.ua

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газа секторының бейбіт тұрғындарына шабуыл жасауын сынға алды. Бұған қоса Израильге бару жоспарынан бас тартты, деп хабарлайды «Qazaqstan» телеарнасы.

Телеарна хабарлауынша, Парламентте сөйлеген сөзінде Ердоған әлемдік қауымдастықты Биньямин Нетаньяху үкіметіне қысым көрсетуге, оқ атуды шұғыл тоқтатуға үндеді.

Сондай-ақ, ол қалыптасқан жағдайда БҰҰ әрекеттерінің тиімсіздігін де атап өтті.

Балалардың айуандықпен өлтірілуін елемейтін ұйымды ешкім шындап қабылдамайды, - деп мәлімдеді.

Газа секторының Денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметінше, қалада Израильдің әуе шабуылдарынан 2500-ге жуық бала қаза тапты.

Телеарна мәліметінше, АҚШ конгресінің төменгі палатасы Хамас-қа қарсы соғыста Израильге қолдау білдіретін қарар қабылдады. Құжат Өкілдер палатасының республикашыл жаңа спикері сайланғаннан кейін бекітіліп отыр. Резолюцияны депутаттардың басым бөлігі құптаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама