Halyq Uni логотип
×

Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті

Оған Әлихан Смайылов қатысты

 Динара Амантай 26.10.2023 | 17:32
Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті
Фото: t.me/KZgovernment

Бішкекте премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ЕАЭО шеңберіндегі орта мерзімді кезеңге арналған бірлескен іс-қимылдардың негізгі міндеттері мен басым бағыттары, энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласындағы кооперациялық жобаларды іріктеу тәсілдері және басқа да мәселелер талқыланды.

Бүгін біз комиссия дайындаған бірқатар баяндамаларды тыңдаймыз. Елдеріміз үшін маңызды мәселелерді талқылаймыз, сондай-ақ ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын айқындаймыз. Қабылданған шешімдер біздің ұйымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, жаңа серпін беретініне сенімдімін, — деді Әлихан Смайылов.

Іс-шараға Беларус Үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения вице-премьері Мгер Григорян қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама