Halyq Uni логотип
×

Әлиев Тоқаевты Әзербайжанға шақырды

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретіндеріне сенім білдірді.

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2022 | 16:46
Әлиев Тоқаевты Әзербайжанға шақырды
Фото: Ақорда

Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон шалды.

Бұл туралы Әзербайжан Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ильхам Әлиев Қазақстан басшысын туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан елінің басшысына  ілтипат пен құттықтау үшін алғысын білдірді.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынастың ойдағыдай дамып келе жатқанын айтып, екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайта беретіндеріне сенім білдірді.

Әңгіме кезінде болашақта өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Президент Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжанға ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама