Мемлекет басшысы министрге бірқатар нақты міндет жүктеді
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары баяндалды. Аида Балаева министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қарым-қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар туралы мәлімет берді.
Сондай-ақ креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспары таныстырылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.