×

Өзбекстан да Конституцияны Мирзиеевтің пікіріне сай етіп жаңартпақ

1992 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған Конституциясы 16 мәрте өзгерді

 Еркеғали Болатұлы 17.05.2022 | 16:39
фото: ашық дереккөз

Өзбекстан либерал-демократиялық партиясының парламенттегі фракциясы Конституцияға өзгеріс енгізу жұмысын бастауды ұсынды. Бұл мәселе фракцияның кешегі отырысында талқыланған.

Партияның ресми сайтында хабарланғандай, фракция жиналысында президенттің конституциялық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі пікірі сөз болды.

Өзбекстандағы реформалардан соң Конституцияға өзгеріс енгізу қажеттігі туындады, - делінген ресми мәлімдемеде.

Өзбекстанның 1992 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған Конституциясы 16 мәрте өзгерді. Шавкат Мирзиеев билікке келгеннен кейін де Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, 2017 жылы сот жүйесін жетілдіру жөнінде түзету енгізілсе, 2019 жылы «үкімет пен оның есеп беруі» жөнінде жаңа ереже қосылды.

Шавкат Мирзиеев 2021 жылы қайта сайланған соң конституциялық реформалар қажет екенін тағы мәлімдеген.

Еске сала кетсек, қазақ билігі де биыл Конституциядағы 33 бапқа 56 түзету енгізіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45