Halyq Uni логотип
×

Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ол еңбек жолын «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ-да бастаған

 Динара Амантай 26.10.2023 | 11:09
Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: gov.kz

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Президент әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Евгений Глотов еңбек жолын «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ-да бастаған. Әр жылдары «Ауыл жастары одағы» ҚБ, «GP group» ЖШС және т.б. жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

Соңғы жылдары Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама