Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы көпжақты ынтымақтастық алдағы уақытта нығая түсетініне сенім білдірді

 Динара Амантай 26.10.2023 | 10:22
Тоқаев Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.

Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама