Теміртауда қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)
Бір топ адамнан қару тәркіленді
22 қазанда Теміртау қаласында Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған жастар тобын ұстады.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдіктілердің қылмысқа қатысы бар екені дәлелденген.
Қылмыстық топтарды ұстау кезінде 21 рет тінту болып, күдіктілерден шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ-дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, 8 күдікті қамалды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, қазір күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау баптарымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.