×

Ешкімнен жеңілмеген боксшы шаршы алаңда көз жұмды

Бұған дейін иорданиялық былғары қолғап иесі де ауруханаға жеткізілген еді

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2022 | 16:16
фото: ашық дереккөз

Германияның боксшысы Муса Ямак 38 жасында рингте көз жұмды.

Бұл туралы championat.com хабарлады.

Ол  угандалық боксшы Хамза Вандерамен кездесудің үшінші раунды басталар алдында рингте өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Сол кезде боксшы тез арада ауруханаға жеткізілген. Алайда, дәрігерлер оны құтқарып қала алмаған.

Кейін белгілі болғандай, боксшы жүрек талмасынан көз жұмған. Мюнхень полициясы қызметкерлерінің айтуынша, олар жедел жәрдем бригадасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кездесу өтіп жатқан жерге бірнеше патруль жіберуге мәжбүр болған.

Ямак кәсіпқой бокста  2017 жылдан бастап өнер көрсеткен. Сол кезден бері ол 8 кездесу өткізіп, ешкімнен жеңілмеген.

Бұған дейін 19 жастағы иорданиялық боксшы Рашед Аль-Свайсат та Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында  өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түсіп қалған еді. Дәрігерлер оның өмірін де сақтап қала алмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды
21.03.2023 | 21:58

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35