Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында 120 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 97 адам жауапқа тартылды

 Динара Амантай 26.10.2023 | 09:39
Ақмола облысында 120 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру барысында медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарда жүргізуші куәліктерінің болу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мысалы, А. есімді азаматтың көлік жүргізу құқығын растайтын жүргізуші куәлігі бар. Алайда ол көлік басқаруға тыйым салынатын ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрады. Бұл жалғыз ғана дерек емес, прокурорлар тағы осындай 120 фактіні анықтады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған тұлғалардың көлікті басқару құқығын тоқтату жөнінде шаралар қабылданды. Басқа бұзушылықтар үшін прокурорлар полиция органдарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 97 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Статистика көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдықты шектен асырып, қауіпсіздік белдіктерін қолданбау, көлікті мас күйінде жүргізу салдарынан болады.

Ақмола облысының прокуратурасы жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолдарда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама