Қар, жаңбыр, көктайғақ: 26 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 26 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігінде, орталығында – қатты жаңбыр, шығысында – қатты қар жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде – көктайғақ, солтүстік-батысында, солтүстігінде – жаяу бұрқасын күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.