Адкокаттар ерлі-зайыптылар қатты мас күйде болғанын айтты
Даңқты палуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері әрі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында ұлы Нұрасыл Боаттың басындағы даулы жағдайға қатысты тың дерекпен бөлісті.
«Егер Нұрасыл мен ерлі-зайыпты заңгерлер арасындағы жағдайға қатысты айтар болсақ, менің ұлым әскерде болған. Ол қызымен кездесу үшін сұранып кеткен. Содан кейін осы жағдай болды. Адкокаттармен жұмыс кезінде олар ерлі-зайыптылар қатты мас күйде болғанын айтты. Бұл туралы жабық әскери режимде өткен сот кезінде де айтылды», - деді Тұрлыханов.
Еске сала кетейік, Нұрасыл Болат Алматыда 2023 жылғы 11 ақпанда ерлі-зайыпты заңгерлерді соққыға жыққаны үшін айыпты деп танылды. Мемлекеттік айыптаушы Болаттың бас бостандығын 1 жыл 6 айға шектеуді сұрады. Алайда оған 1 725 000 теңге айыппұл салынды.