×

Дәулет Тұрлыханов ерлі-зайыпты заңгерлерді соққыға жыққан ұлының ісіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Адкокаттар ерлі-зайыптылар қатты мас күйде болғанын айтты

 Халық үні 25.10.2023 | 22:48
Фото: malim.kz

Даңқты палуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері әрі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында ұлы Нұрасыл Боаттың басындағы даулы жағдайға қатысты тың дерекпен бөлісті.

«Егер Нұрасыл мен ерлі-зайыпты заңгерлер арасындағы жағдайға қатысты айтар болсақ, менің ұлым әскерде болған. Ол қызымен кездесу үшін сұранып кеткен. Содан кейін осы жағдай болды. Адкокаттармен жұмыс кезінде олар ерлі-зайыптылар қатты мас күйде болғанын айтты. Бұл туралы жабық әскери режимде өткен сот кезінде де айтылды», - деді Тұрлыханов.

Еске сала кетейік, Нұрасыл Болат Алматыда 2023 жылғы 11 ақпанда ерлі-зайыпты заңгерлерді соққыға жыққаны үшін айыпты деп танылды. Мемлекеттік айыптаушы Болаттың бас бостандығын 1 жыл 6 айға шектеуді сұрады. Алайда оған 1 725 000 теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама