-10 градус аяз болады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 5-10 градус аяз болады

Фото: Tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК 26-28 қазанға ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше,  алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауып, көктайғақ болады және төменнен жел тұрады.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 5-10 градус аяз болып, күндіз ауа температурасы -2+3 градусқа көтеріледі. Батыс пен оңтүстікте күндіз 10-18 градус жылы болады. Шеткі батыс өңірлерде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді.