Ақмола облысының Қосшы қаласы мен Аршалы ауданында да Республика көшесі бар
Елімізде «Республика» атауы берілген 6 көше және 1 партия бар, деп хабарлады BAQ.KZ.
Атап айтқанда, 7 қалада Республика атымен аталған 2 көше мен 4 даңғыл, 1 алаң бар.
Алматыдағы Республика алаңы Достық даңғылы мен Желтоқсан көшесінің арасында орналасқан. Онда мерекелік салтанатты шерулер, сондай-ақ әскери парадтар өтеді.
Астанадағы Республика даңғылы Ж. Тәшенов көшесінен басталып, И. Гете көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 4 159 метр. Даңғылда қазіргі заманғы өнер мұражайы, ҚР Президенттік мәдениет орталығы, «Есіл» сауда үйі, «Абай» қонақ үйі, «Жастар» сарайы, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.
Шымкенттегі Республика даңғылы – көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елді мекендермен біріктіретіндіктен шаһардың басты магистралды көшелерінің бірі. Ұзындығы – 5,2 шақырым.
Қарағандыдағы даңғыл Қазыбек би ауданындағы Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй аймағының солтүстік бөлігінде, Волочаев көшесінен Мұқанов көшесіне дейін (солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа карай) созылып жатыр. Мұндай даңғыл Теміртау қаласында да бар.
Сондай-ақ Ақмола облысының Қосшы қаласы мен Аршалы ауданында да Республика көшесі бар.
Сондай-ақ Қазақстанда Respublica атты партия бар. Партия 2022 жылдың тамызында жарияланып, 2023 жылы 18 қаңтарда тіркелген.