Halyq Uni логотип
×

Медеу-Шымбұлақ жолын таудан құлаған сандықтастар жауып тастады

Жол беткейлерін нығайту жұмыстарына 11 техника, 50 адам тартылмақ

 Еркеғали Болатұлы 25.10.2023 | 14:32
Медеу-Шымбұлақ жолын таудан құлаған сандықтастар жауып тастады
фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бүгін Медеу-Шымбұлақ жолында құлаған жартасты тасу жұмыстары басталды.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс жүргізу кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді.

Сондай-ақ аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту жұмыстары жоспарланған. Оған шамамен 11 техника мен 50 адам тартылатын болады, - деп хабарлады әкімдік.

Тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлерін өткізу режимінің кестесі қалыптастырылатын болады. Сондай-ақ қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығына жолданады.

Жобаны іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама