Түркістан облысының тұрғыны граната үшін сыйақы сұраған
Жарылғыш заттарды тапқан азамат оларды қайда тапсырарын білмеген
Түркістан облысы Келес ауданының тумасы төрт РГД-5 жарылғыш затын полиция бөліміне ерікті түрде тапсырып, өзіне сыйақы сұраған.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, гранаталарды тапқан азамат балық аулау кезінде өзен бойындағы ағаш арасында оралып жатқан жерінен тауып алған. Содан кейін ол осы уақытқа дейін қайда өткізерін білмей, жергілікті тәртіп сақшыларының заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция жүргізіп жатқанын естіген бойда полиция бөліміне жеткізген.
Бұл акцияны Түркістан облысының полициясы 25 сәуірден бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізіп келеді.
Оған қоса полиция заңсыз қарумен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды ұстауға, қару иелерінің оны сақтаудағы ережелерді дұрыс атқаруына тексеру жүргізуде. Бүгінгі күнді санағанда облыс көлемінде 112 азаматтан 167 дана отты атыс қару алынды. Оның ішінде 23 ойық ұңғылы, 137 дана тегіс ұңғылы қару, жеті шолақ қару және төрт граната бар.
Іс-шараны өткізу үшін Түркістан облысына Үкімет тарапынан 14 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.