Ақордада Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Ұлттық мерекені ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды
Президент Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
Шара Ақорда резиденциясының алдында өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.
Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Енді еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.