Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
25 қазанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы cақталады. Көп өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Түнде Жетісу облысының орталығында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында үш градусқа дейін, Алматы облысының солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.