Франция президенті Макрон Қазақстанға келеді

Халық үні

Макрон қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

фото: akorda.kz

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы Франция президенті қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап жолдаған жеделхатында атап өтті.

Макрон өзінің құттықтауында ұзақ жылдар бойғы екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және шикізат салаларындағы серіктестікті дамыту үшін Қазақстанға жасайтын алдағы сапарымды асыға күтемін, – делінген жеделхатта.