Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында заңсыз айналымнан 1500-ден астам доза болатын есірткі алынды

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды

 Динара Амантай 24.10.2023 | 15:52
Маңғыстау облысында заңсыз айналымнан 1500-ден астам доза болатын есірткі алынды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында заңсыз айналымнан 1500-ден астам бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 қазанда сағат 20:45 шамасында Ақтау қаласының 13-шағын ауданында 23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталған. Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткі затының салмағы – 200 грамм. Сондай-ақ ұсталған адам салмағы 170 грамм болатын экстази есірткі қоймасын көрсетті. Заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткі құралдарының жалпы салмағы – 370 грамм.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға тіркелді. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама