Финал 2-3 қарашада болады
Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды. Оның ашылу салтанатына Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Азия бокс конфедерациясының (ASBC) бас хатшысы Али Саламе, IBA президенті Умар Кремлев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысып, сөз сөйледі.
Бұл жарысқа сары құрлықтың 23 елінен келген 500-ге жуық боксшы қатысады. Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.
Финал 2-3 қарашада болады.
Қазақстанның бокс мектебі әлемде көшбасшылардың бірі болып саналады. Еліміз тәуелсіздік алған кезден бері Олимпиаданың 7 алтын, 7 күміс және 10 қола медалін жеңіп алған.