«Қар, жаңбыр, көктайғақ»: 24 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 24 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Тек елдің орталығында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі болжануда.