«-7 градус аяз болады»: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен алғашқы ызғар мен түнгі уақытта аяз сезіле бастайды.

фото: Qazaqstan TV

«Қазгидромет» РМК 24-26 қазанға ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен алғашқы ызғар мен түнгі уақытта аяз сезіле бастайды.

Республика бойынша екпінді жел соғып, жауын-шашын жауады. Кей өңірде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Скандинавия түбегі аудандарынан суық арктикалық ауа массаларының кіруіне байланысты батыста, солтүстік-батыста және елдің солтүстік аймақтарында күн күрт суытады. Мәселен, республиканың батысында түнде ауа температурасы -6 +3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0-7 градусқа дейін, еліміздің солтүстігінде -5 +5 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.