Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда «Бәcе» YouTube-арнасының авторларына іздеу жарияланды

Садықовтарды іздеуге ІІМ бастамашы болған

 Халық үні 23.10.2023 | 20:31
Қазақстанда «Бәcе» YouTube-арнасының авторларына іздеу жарияланды
Фото: qamqor.gov.kz

Қазақстанда «Бәcе» YouTube-арнасының авторлары Наталья мен Айдос Садықовтарға іздеу жарияланды.

Аталған ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, оларға сот санкциясымен 23 қазанда Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша іздеу жарияланған. Садықовтарды іздеуге ІІМ бастамашы болған. Іздестіру жұмыстарын Астана қаласының Алматы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Еске сала кетсек, сот Наталья Садықованы қамауға алу туралы 2014 жылы сырттай қаулы шығарған. Сол кезде хабарланғандай, Садықоваға қатысты адамға сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деген айыптаумен қоса, жала жапты деген айып таққаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама