Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды.
Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапты, – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
«2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке орай, онымен бірге Палестина азаматы болған 23 жастағы қызы да қайтыс болды», - делінген хабарлада.
Отандасымыз Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрған.