Шамамен 1 мың 200 шақырым топтық су құбырларын салу жоспарланған
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылға қарай 41 ауылдың 22 мыңнан аса тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның шеңберінде 22 мыңнан астам адам тұратын 41 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген.
Аталған елді мекендердің 35-і Солтүстік Қазақстан облысында, 3-еуі Ақмола облысында, 3-еуі Қызылорда облысында орналасқан.
2025 жылға қарай 41 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және 52 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтауды жақсарту үшін шамамен 1 мың 200 шақырым топтық су құбырларын салу жоспарланған, онда барлығы 55 мыңнан астам адам тұрады, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.