Алматы облысында зиратты қиратқан ер адам ұсталды

Динара Амантай

Оның психикалық ауруға шалдыққаны белгілі болды

Фото: police_almobl

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Үштөбе қаласында зиратты қиратқан күдікті ұсталды. 34 жастағы күдіктінің психикалық ауытқуы бар екені анықталды. Ол бұған дейін де молаларды қиратып, ұсталған болып шықты.

 14 мамыр күні моланың бұзылғандығы, вандализм фактісі болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Оқиға Қаратал ауданында болған. Жедел-тексеру барысында аталған факті расталды. Күдікті ретінде Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қаңтар айында ғана осындай әрекеті үшін ұсталып, психоневрологиялық диспансерге жатқызылған болатын. Белгілі болғандай, ер адам екі ай сол диспансерде емін алып, үйіне оралғанда қайта молаларды қиратуға кіріскен, – деп мәлімдеді Қаратал аудандық полиция бастығы Рауан Абраимов.

Департамент баспасөз қызетінің ақпаратына сәйкес, күдіктіні тағы да диспансерге жатқызған. Дәрігерлердің тексеруінен кейін оған қатысты іс сотқа жіберіледі.