×

Израиль әскері Сирияның екі әуежайын да бомбалап кетті

Қазір олар Газа секторын толық қоршауға алған

 Еркеғали Болатұлы 22.10.2023 | 18:00
фото: Shutterstock

Израиль Сирияның Дамаск пен Алеппо әуежайларына шабуыл жасады.

Агенттіктің мәліметінше, шабуыл бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша 5:25-те болған.

Бүгін таңертең Израиль әскері бір мезгілде Жерорта теңізі жақтан, Латакиядан батысқа қарай және Голаннан Дамаск пен Алеппо халықаралық әуежайларын нысанаға алып, зымырандарымен әуе шабуылын жасады, – делінген хабарламада.

Сирияның Көлік министрлігі әуе шабуылынан соң Дамаск пен Алеппо халықаралық әуежайларының жұмысы тоқтағанын хабарлады. Шабуыл салдарынан 1 адам жараланып, 1 адам қаза тапты.

Бұдан бөлек, бүгінде Израиль әскері Газа секторын толық қоршауға алып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама