Триатлон жарысы Түркияда өтті
Алматылық спортшылар Егор Крупяков пен Александр Тен триатлоннан Еуропа кубогында жеңіске жетті, деп хабарлады Halyq Uni.
Кеше Мерсин қаласында (Түркия) триатлоннан Europe Triathlon Junior Cup Yenisehir 2023 Еуропа кубогі өтті. Оған әлемнің 19 елінен келген спортшы келді. Қазақстан атынан Алматы қаласының спортшылары: Александр Тен, Егор Крупяков, Саид Назаров, Милена Саприна және Дарья Бычковалар қатысты.
Жерлестеріміз Егор Крупяков пен Александр Тен жарыстың көрігін қыздырды. Олар өте қиын өткен додада алтын, күміс жүлдеге ие болып, мәре сызығындағы жеңісті италиян Андреа Балестрериден тартып алды.
Жарыс 750 метр қашықтықтағы жүзу кезеңінен басталды. Онда болгар Александр Божилов 00:09:19 нәтижесімен көш бастады. Егор Крупяков бесінші (00:09:28) және Александр Тен тоғызыншы (00:09:32) болып аяқтады. Судың температурасы барынша ыңғайлы болды – 26°С. Бұл спортшыларға келесі кезеңдерден өту үшін күшін сақтауға мүмкіндік берді.
Ал 20 шақырымдық велосипед жарысында Александр Тен бірнеше секунд алға шығып, оны 00:28:46 есебімен аяқтады. Егор Крупяков пен Андреа Балестрери бір уақытта (00:28:49) келді.
Сонымен, соңғы кезең – 5 шақырымдық жүгіру болды. Онда спортшылардың нақты күресі басталды, өйткені есеп бірнеше секундқа созылды. Крупяков 00:16:08 уақытымен бірінші келді. Ал Александр Тен (00:16:12) мен Андреа Балестрери (00:16:13) екеуара бар болғаны бір секунд айырмашылығымен мәреге жетті.
Жалпы есепте 00:55:29 уақытымен біздің спортшылар Крупяков пен Тен Кубоктың жеңімпаздары атанды!