Қазір Астанада конкурдан ел чемпионаты өтіп жатыр
Елордадағы «Арғымақ» ат спорты және спорттық сауықтыру кешенінде алғаш рет конкурдан ел чемпионаты өтіп жатыр.
Ашық біріншілікке 50-ге жуық шабандоз келген. Екі күн бойы Қазақстан мен Қырғызстаннан келген спортшылар әртүрлі қиындықтағы және биіктіктегі 8 бағытта жарысады.
Турнирдің жүлде қоры – 26 миллион теңге. Ақшалай кубокты кімнің алатыны бүгін анықталады.
Ат спорты федерациясының президенті Дәурен Асхаттың айтуынша, бұл жарыс – маусымның басты оқиғасы. Конкур – олимпиадалық спорт түрі. Осы жарыстың нәтижесі бойынша келесі жылы Қазақстан Республикасының құрамасы құрылмақ.