Halyq Uni логотип
×

Түркістанда балабақша көлігі бес жасар баланы басып кетті

Баланы көліктің қалай басып кеткені, көршілердің көлікті тоқтатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған

 Халық үні 21.10.2023 | 20:36
Түркістанда балабақша көлігі бес жасар баланы басып кетті
Фото: pixabay.com

Түркістан облысы Түркістан қаласындағы «Бөбе»к балабақшасының балаларды үйге жеткізетін көлігі сол балабақша тәрбиесінде болған бес жастағы баланы басып кеткен. Оқиғаның қалай болғанын Qaz365.kz тілшісіне баланың әкесінің туған бауыры Бақытжан айтып берді.

Бақытжанның айтуынша, оқиға 20 қазан күні сағат кешкі 17:32-де болған.

«Кеше кешкісін баланы развозканың көлігі балабақшадан әкеп тастаған. Әкелгеннен кейін бала түсіп, көліктің алдынан әдетте өтетін. Көліктің есігі жабылғаннан кейін 5-10 секундқа жетпей, көлік ары қарай жүріп кеткен. Дәл алдындағы баланы мыжып өткен. Біраз жүргеннен кейін көлікті көршілер тоқтатқан. Сол кезде бала жан тапсырған. 2,5 тонналық көлік үстінен өтіп кеткен», – дейді Бақытжан. 

Баланы көліктің қалай басып кеткені, көршілердің көлікті тоқтатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

«Мәйітханаға келіп тұрмыз. Сараптама жасайтындар, тергеушілер кешеден бері «миымызды жеп қойды», «анаумын, мынаумын» деп әрқайсысы жан-жақтан хабарласып жатыр дейді. Баланың мыжылып дымы қалмаған ғой. Олардың талабы сол бірдеңе жасыру шығар. Тергеуші ешкіммен дұрыс сөйлеспедім дейді. Бірақ сол жасыру», – дейді ол.

Баланың туған-туыстары кінәлі адам жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді. Сол үшін тергеудің әділ өтуін талап етеді. 

Qaz365.kz порталы осы оқиға бойынша Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне және Түркістан облысының полиция департаментіне хабарласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жолданған ресми сауалға жауап берді. 

«Аталған факт 20.10.2023 ж. ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігінде көрсетілген (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян әкеп соққан) қылмыстық құқықбұзушылық белгілермен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама