Қоғам белсендісінің айтуынша, келген бойда шетелдіктердің құжаттарын тартып алған
Еңбек құлдығында болған Өзбекстаннан келген қарақалпақтардың ішінде тұтас бір отбасы болған. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының директоры Шахноза Хасанова айтты.
Айтуынша, қолында кішкентай баласы бар әйелі күйеуімен бірге кірпіш зауытында жұмыс істеген. Ер адам жұмысшы ретінде пайдаланылса, әйел тамақ дайындаған. Бірақ олар жалақы алмаған. Өзбекстан азаматтарын ауылдастары жұмысқа тартқан дейді қоғам қайраткері. Оларға уәде етілген ақша төленбеген.
«Жергілікті қазақстандық жұмыс беруші адамдарды осында жұмысқа әкелу үшін алдын ала белгілі бір мөлшерде аванс беріп, бригадирді жалдаған. Осылайша олар адамдарды қарыздар етіп қойған. Адамдар жұмысқа келгенде белгілі бір мөлшерде аванс алып қойған. Біреулері қыркүйекте, кейбірі тамызда келеді. Олар қара жұмыс істеді», - дейді «Сана сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығының директоры.
Қоғам белсендісінің айтуынша, келген бойда шетелдіктердің құжаттарын тартып алған. Әркімнің әңгімесі әртүрлі. Кейбіреулеріне бірнеше ай бойы жалақылары төленген. Қалғандары әуелі тегін жұмыс істеп, кейін ақысын алған. Уақыт өте келе олар ақша төлеуді мүлдем тоқтатқан. Шахноза Хасанованың айтуынша, кебіріне жалақы Өзбекстандағы туыстарына аударылған, жұмысшылар қолдарына ақша алмаған.
«Адамдар ақша сұрай бастағанда оларға психологиялық және физикалық күш қолданылған. Жұмысшылар өз беттерінше кірпіш зауыты аумағынан шыға алмаған. Қожайындары оладың құжаттарын алып кетіп, қызмет өткеру ережелерін бұзғаны үшін қамауға алынуы мүмкін екенін айтқан», - дейді қоғам белсендісі.
Қоғам белсенділерінің пікірінше, Қазақстан Орталық Азиядағы шетел азаматтарын жұмысқа қабылдайтын Ресейден кейінгі екінші мемлекет. Көрші елдермен салыстырғанда біздің экономика табысты, оның үстіне Қазақстан транзиттік ел.
Еске сала кетейік, жақында Шымкентте бірнеше кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Полицияның хабарлауынша, олар Өзбекстанның 60 азаматын еңбек құлдығында ұстаған. Күдіктілердің үстінен бірден бірнеше бап бойынша іс қозғалды.
«Бүгінде 25 шетелдік жұмысшы «Сана сезім» үкіметтік емес ұйымының қамқорлығында болса, 30-дан астам азамат жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдау бөліміне орналастырылды. Полицияға күдіктілерге қатысты шетелдік азаматтардан үш ресми мәлімдеме түсті. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126 бабы «Еңбекті қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру» және 389-бабы «Өзбырлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - деді Шымкент қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Құдияр Нұрсейітов.
Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп, шетелдіктерден жауап алынуда. Олармен заң орталығының заңгерлері де жұмыс істейді.