Павлодарда мас күйінде қару асынған азаматтар ұсталды
Олардың арасында бұрын істі болғандары бар болып шықты
Павлодарда мас күйінде қару асынған азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ұлтыық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнгі сағат 22.30 шамасында Павлодар қалалық жедел бақылау орталығына Камзина көшесі бойындағы үйлердің бірінде подьезд ішінде белгісіз біреулер спирттік ішімдік ішіп, тұрғындардың мазасын алғаны туралы шағым түскен. Қала тыныштығын күзету барысында 5512 әскери бөлімінің сақшылары дереу аталған мекенжайға барып, күдіктілдерді тәртіпке шақырады.
Алкогольдік ішімдіке масайған азаматтардың құжаттарын тексеру барысында 1987 жылғы азаматтың асынған қара сөмкесі күдікті көрінеді. Ұландықтар бірден полиция қызметкерлері мен куәгерлерді шақырып, сөмкені тексеру кезінде «Байкал» тегіс ұңғымалы қаруы жатқандығы белгілі болды, – делінген хабарламада.
Қаруды не үшін алып жүргендігін анықтау үшін ұсталғандар Павлодар қалалық солтүстік полиция бөліміне жіберілді.
Айта кетсек, жеке мәліметтерін тексеру барысында ұсталғандардың арасында бұрын істі болғандары бар болып шықты.