2023 жылы қазанда қазақстандықтар қанша күн демалады
Республика күні 25 қазанда аталып өтеді
2023 жылы қазақстандықтар Республика күнін 25 қазанда атап өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мереке сәрсенбіге сәйкес келетіндіктен, жұмыс кестесін өзгерту жоспарланбайды. Бірақ жұмыс аптасы қысқарады.
Бес күндік жұмыс аптасында:
23, 24 қазан жұмыс күні, 25 қазан – демалыс, 26, 27 қазан – жұмыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасымен:
23, 24 қазан жұмыс күндері, 25 қазан – демалыс, 26, 27, 28 қазан – жұмыс күндері.
Ел тұрғындары 2023 жылдың қазанында 10 күн демалады.