Атырау облысында кәсіпкердің құқығын бұзған 7 шенеунік жауапқа тартылды
ӨКП алаңында лауазымды тұлғалардың қатысуымен кездесу өткізілді
Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкерге сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бірнеше рет бас тартқан лауазымды тұлғаны айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғалары бас тарту себебін жоспарланған құрылыстың бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен салу схемасына сәйкес келмеуімен түсіндірді.
Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментімен бірлесіп, Атырау облысының ӨКП алаңында лауазымды тұлғалардың қатысуымен кездесу өткізді. Нәтижесінде кәсіпкердің құқықтары қорғалып, нысаналы мақсаты өзгертілді әрі техникалық паспорт әзірленді.
Айта кету керек, «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 7 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның 5-і тәртіптік және 2-і әкімшілік жауапкершілікке.