Инспектор жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындайды
Шу қаласында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы түскі үзіліс уақытында қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген. Бұл жоралғыға ол полиция формасын киіп барған, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Осындай ерекше күнде форма киіп бару — мен үшін үлкен мәртебе болды, өйткені бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл күн біздің жадымызда мәңгі қалатыны сөзсіз, болашақта балаларыма осы тарихи сәтті мақтанышпен көрсетемін», — дейді жас офицер.
Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асхат Алметовтың айтуынша, лейтенант Мамедов өзінің түскі үзілісін пайдаланғандықтан ешқандай заң бұзу фактісі болған жоқ.
«Қызмет етіп жүргеніне аз ғана уақыт болғанына қарамастан учаскелік инспектор жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындайды. Ол бүгінде әріптестерінің құрметіне және өзіне бекітілген әкімшілік аумақ тұрғындарының сеніміне ие болды», — дейді Асхат Алметов.