Halyq Uni логотип
×

260 мыңнан астам адам қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапқа тартылды

Оларға 1,6 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды

 Динара Амантай 20.10.2023 | 17:45
260 мыңнан астам адам қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 260 мыңнан астам адам қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Оларға 1,6 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

 9-16 қазан аралығында қоқыстарды заңсыз төгу фактілерінің алдын алу және анықтау мақсатында «Тазалық» апталығы өткізілді. ІІО құзыретіне кірмейтін материалдар құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін экология департаменттеріне жолданатын болады, – деді ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов.

Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру аясында ІІМ әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері «Kaz Eco Patrol» қоғамдық бірлестігі елордалық филиалының басшысымен бірлесіп, «River Park» коттедждер қалашығында Есіл өзені маңына сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактісін анықтады.

 Аталған факті Аршалы аудандық ПБ-де тіркелді. Қажетті іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмаған жағдайда материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Экология министрлігінің бөліністеріне жолданады. Азаматтарды келешек ұрпаққа аманат ету үшін табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоқыс тастамауға шақырамыз, – деді Әлішер Жармағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама