×

«Еуропалықтар үшін 100 000 еуро»: қазақ жігіті тіл үйрету үшін баға қойды

Қазір оның әдістемесімен ағылшын тілін онлайн арқылы 20 шақты елдің орыстілді азаматтары үйренуде

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2022 | 12:09
фото: instagram.com/bestgroup.kz/

Ағылшын тілінің маманы Алмас Исабеков Daryn.online платформасында ауылдық жерде тұратын 10 000-нан астам балаға ағылшын тілін үйретті. Бұл мәлімет оның өзі сабақ беретін BEST GROUP курсының Instagram-дағы bestgroup.kz парақшасында жарияланды.

Сонымен бірге ол Қазақстандағы ең бай адамдардың тізіміне кіретін бес адамға шет тілін үйретіп, басқа да кәсіпкерлер мен ірі компаниялардың топ-менеджерлеріне ағылшын тілінен сабақ беріп жатыр.

«Мен 2008 жылдан бастап бизнестің түрлі саласында, үлкенді-кішілі компанияларда жұмыс істедім. Басшылық қызметтерін де атқардым.  Қазірг бірнеше бизнесті дөңгелетіп отырмын. Сондықтан бұл салада тәжірибем көп деп айта аламын. Ал, білген-түйгенімді өзгерелерге де үйретіп, тәжірибе бөлісу үшін, бір жағынан коучты қажет ететін жандарға көмектескім келді. Қазір бизнес-коучингпен айналысып келемін.

Менің негізгі бағытым – ел азаматтарына қалай бизнес бастауға болатынын көрсету.  Ең бастысы, адамның кәсіпкер болсам деген ниеті болуы керек. Ал әрі қарай нарықтағы сұранысты ескере отырып, саланы бірге таңдап, ментор, яғни нұсқаушы болуға көмектесеміз. Сонымен қатар, қазіргі таңда интернет қарқынды даму үстінде. Тренингтер барысында өз кәсібіңізді интернетте қалай дамытуға болатынын да қамтимыз», - деді ол.   

Қазір оның әдістемесімен тілді онлайн арқылы 20 шақты елдің орыстілді азаматтары үйренуде. Ол ағылшын тілін үйретумен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. 2018 жылы бір айлық курс 50 000 теңге болса, қазір ол ағылшын тілін жетік меңгеремін деген еуропалықтарға тілді үйрету әдісін көрсетіп, үйрету үшін 100 000 еуро сұрап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама