20 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Республиканың батыс жартысының ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады.

Фото: celes.club

«Қазгидромет» РМК 20 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батыс жартысының ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады.

«Сондықтан жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-батысында түнде қатты жаңбыр жауады. Елдің шығыс жартысында әлі де ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыста, күндіз солтүстікте жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі», - делінген ведомство дерегінде.