Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді
Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қазанда Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша мен қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысқан Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады.
Шығын 10 млн теңгені құраған. Күдіктілер деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылады, бұрын бірнеше рет сотталған.
Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.