Қайғылы оқиға 18 қазанда болған
БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады «Мой город» порталы.
Қайғылы оқиға 18 қазанда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер тек оның өлімін тіркегенін жеткізді.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа ақпаратты жариялай алмайтыны айтылған.
Ауыл әкімдігі бұл отбасының тыныш болғанын, ешқандай есепте тұрмағанын мәлімдеді.