×

Қарасу шағын ауданының 12 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған қалалық су бұру желілерімен қамтылатын болады

Қарасу шағын ауданындағы сумен жабдықтау желілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша басталдЫ

 Халық үні 19.10.2023 | 20:14
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданын аралаған жұмыс сапары кезінде Қарасу шағын ауданындағы екі кәріз-сорғы станциясының (КСС) құрылыс барысымен танысты. 

Қарасу шағын ауданындағы сумен жабдықтау желілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша басталды. Жер бедерінің тегіс еместігі салдарынан қолданыстағы коллектордағы ағын суларды бұру үшін 11 метр тереңдікте екі кәріз және сорғы станцияларын салу қажет болды. Шұңқырды қазу кезінде мердігер ұйым жер асты суларының үлкен ағынына тап болды. Жобалық шешіммен суды бұру үшін скважинаны қосымша бұрғылау қарастырылған. Жақын арада мердігер ұйым КСС монтаждауға кіріседі. Нысанды тапсырудың жаңа мерзімдеріне сәйкес жұмыстарды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мегаполис басшысына шағын аудан тұрғындарын орталық инженерлік желілермен қамту нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады. Ағымдағы жоба аясында коммуникациялар құрылысы бойынша 25 км су құбыры жүргізілді. Су бұру жұмыстары іс жүзінде аяқталды,қалғаны 140 м.Осылайша, орталық желілермен 12 мыңға жуық адамды қамти отырып, 2 мыңға жуық жеке тұрғын үй қамтамасыз етіледі.

Ерболат Досаев аудандық әкімдікке және энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жұмыстарды белгіленген мерзімге сәйкес аяқтау үдерісін бақылауды және сапаны тексеруді жүзеге асыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама