Halyq Uni логотип
×

Қостанай әуежайы ресми атауын алды

Үкіметтің қаулысы 2022 жылы 24 маусымда шыққан болатын

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2023 | 17:51
Қостанай әуежайы ресми атауын алды
Фото: facebook.com

Былтыр Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы шыққан Үкіметтің қаулысы іске асты.

Редакцияға келген хатта Қостанай жұртшылығы облыс әкімдігіне, облыстық мәслихат депутаттарына, оның ішінде әуежайдың басшысы Асқар Бекбосыновқа жыл басынан бері сұрауларға түсіністікпен қарап, сауатты жауап беріп, айлап күткен істі соңына дейін жеткізіп, істің сәтті аяқталуына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Әуежайға ұлт ұстазының атын беру туралы Үкіметтің қаулысы 2022 жылы 24 маусымда шыққан болатын. Оған Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы бастаманы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында әуежайдың ұжымы көтерген еді. Одан бөлек, осы ұсынысты қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері түрлі жерлерде айтып жүрді. Сондықтан ол ұжымның талқысына салынып, қолдау тауып, тиісті рәсімдерден өткізілді.

Одан бөлек, Қостанай қаласындағы бірнеше мектеп ұжымы тарапынан өздері білім беретін оқу ордасына да Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы ұсыныс жасалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама