Halyq Uni логотип
×

БҚО-да жыл басынан бері 134 шетелдік елден шығарылды

 Динара Амантай 19.10.2023 | 16:51
БҚО-да жыл басынан бері 134 шетелдік елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері БҚО-да 134 шетел азаматы елден шығарылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, осы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасынан сот шешімімен 134 шетел азаматы шығарылған. Оларға сот шешімін орындауға 10 күн уақыт беріледі. Алайда осы уақыт ішінде Өзбекстан Республикасының 33 азаматы, Тәжікстан Республикасының 4 азаматы және Әзербайжан Республикасының 1 азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан өз бетінше кетпей, сот шешімін орындаудан жалтарған.

Шығару туралы сот шешімін орындау үшін Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері 41 шетел азаматын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Тәжен» өткізу пункті) алып жүруді ұйымдастырды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының аумағында материалдық жағдайының қиындығына байланысты Өзбекстан Республикасының өз бетінше туған жеріне кете алмаған, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3 азаматы болған.

Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы реадмиссия туралы келісімге сәйкес, көші-қон қызметі Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы елшілігіне жеткізіліп, олардың Отанына оралу туралы куәлігі толтырылды. Одан кейін олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Тәжен» өткізу пункті) дейін жеткізілді.

Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтарының көп бөлігі негізінен келу ережелерін бұзып, заңсыз жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама